Malim.kz
Әлем

Иран, Ресей және Қытай бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын өткізбек

Арман Қайыпхан
Фото: Анадолу

Ақпан айының соңында Иран, Ресей және Қытай Үнді мұхитының солтүстік бөлігінде сегізінші рет өтетін «Қауіпсіздік белдеуі» атты бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын өткізеді, деп хабарлайды Malim.kz Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Жаттығуларға Иран ӘТК-нің, Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) ӘТК-нің, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің әскери-теңіз күштерінің кемелері қатысады.

«Қауіпсіздік белдеуі» әскери-теңіз жаттығулары 2019 жылдан бері Иран ӘТК-нің бастамасымен өткізіліп келеді.

Агенттік мәліметінше, олар жаһандық теңіз саудасының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Үш елдің әскери-теңіз күштерінің бірлескен іс-қимылдарына қарақшылыққа қарсы күрес, теңіз терроризміне қарсы әрекет ету және құтқару операцияларын жүргізу кіреді.

Бұған дейін Иранның бірнеше қаласында жарылыс болған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары