Malim.kz
Әлем

Израиль қорғаныс министрі Ливанға ультиматум қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Nidal Solh/AFP

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Ливан билігін «Хезболлах» қозғалысын қарусыздандыруға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, егер бұл талап орындалмаса, Ливан «өте жоғары баға төлеуге мәжбүр болады».

Кац Ливан президенті Жозеф Аунға жолдаған мәлімдемесінде ел билігі «Хезболлахты» қарусыздандыру жөніндегі келісімді орындамай отырғанын айтты. Ол Ливан үкіметін дереу әрекет етуге шақырып, әйтпесе Израильдің өзі қосымша шаралар қабылдайтынын ескертті.

Сонымен қатар Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі Сур қаласының тұрғындарын эвакуациялануға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары