Malim.kz
Әлем

Кая Каллас: Ресей Украинаға жасаған әрекеттері үшін жауап беруі тиіс

Айбын Атабай
Anadolu Ajansi

Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас «Ресей Украинаға жасаған әрекеттері үшін жауап беруі тиіс» деп мәлімдеді.

«Буча Ресейдің соғысындағы қатыгездіктің символына айналды. Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың көбі жақын қашықтықтан атылған. Кейбірінің қолы артынан байланып тұрған», – деп жазды ол америкалық X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еуропалық дипломатия басшысы еске алу шараларына қатысу үшін Буча қаласына барғанын айтып, «жаппай қырғын құрбандарын төрт жылдан кейін де ұмытпағандарын» атап өтті.

«Мұнда болған жайтты жоққа шығаруға болмайды», – деп түйіндеді ол.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары