Malim.kz
Қоғам

"Келінді өзбектен алуым керек еді": Шавкат Рахмоновтың әйелі енесі туралы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Malim.kz коллажы

Белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде тың мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым өзі хабарласып, сұхбат беруге ниет білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің сөзінше, Гүлайым өміріндегі ауыр кезеңдер туралы ашық айтуға дайын екенін жеткізген. Бұған дейін ол жол апатына түсіп, кейін сот шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым маған хабарласып, сұхбат алуымды өтінді. Өздеріңіз білесіздер, ол көпбалалы ана ретінде жол апатына түсіп, кейін сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Гүлайымның айтуынша, бұл қиын кезеңде отбасы үлкен сынаққа ұшырап, тағы бір соққы алған", – деп жазды журналист.

Гүлайым Рахмонова отбасы бұл жағдайдан кейін үлкен сынаққа тап болғанын айтқан. Оның пікірінше, қиындықтардың бірі – қайын енесімен арадағы түсініспеушілік.

Ол спортшының анасы өзіне көңілі толмай, ұлын өзге ұлт өкіліне үйлендірмегеніне өкінетінін жеткізгенін атап өтті. Бұл жағдай отбасындағы қарым-қатынасқа әсер етіп, психологиялық қысымды күшейткен.

Бұған дейін Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде өткен өміріне байланысты әсерлі жазба жариялап, көпшілік назарын аударған еді.

Шавкат Рахмонов – Қазақстандағы ең танымал аралас жекпе-жек шеберлерінің бірі. Ол 1994 жылдың 23 қазанында дүниеге келген. Қазіргі таңда UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүр.

Шавкат кәсіби мансабын 2014 жылы бастап, сол уақыттан бері бірде-бір жеңіліс таппаған. Оның рекорды – 19 жеңіс, және бұл көрсеткіш оның жоғары деңгейін дәлелдейді. Ерекшелігі – жекпе-жектерінің басым бөлігін мерзімінен бұрын аяқтайды. Ол нокаут және тұншықтыру әдістерін бірдей шебер меңгерген әмбебап спортшы ретінде танымал.

Рахмонов бұған дейін M-1 ұйымында чемпион атанып, халықаралық деңгейде өзін танытқан. Сонымен қатар, ол әуесқой ММА бойынша әлем және Азия чемпионы атақтарын жеңіп алған.

Оның спорттық базасына жауынгерлік самбо, аралас жекпе-жек және бразилиялық джиу-джитсу кіреді. Шавкат Рахмонов Қазақстан атын әлемдік ареналарда лайықты түрде танытып жүрген спортшылардың бірі саналады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары