Қазгидромет 3 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 4 ақпанда өңірдегі ауа температурасы күндіз 5-10 градус суықты, 5 ақпанда түнде 17-22 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны одан әрі төмендей береді. Атырауда 3 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 4 ақпанда өңірде ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 0-8 градусты көрсетеді деп болжанады, ал 5 ақпанда түнде және күндіз 7-12 градус аяз болып, сынап бағаны одан әрі төмендейді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.
Түнде және күндіз Абай облысыныңбатысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың оңтүстік-батысында, орталығындағы екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оралда 3 ақпанда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді.
Түнде және күндіз Қарағанды облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады. Қарағандыда 3 ақпанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
3 ақпанда күннің екінші жартысында Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, ал облыстың шығысында, орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығындағы жел екпіні 15-18 м/с болады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысыныңшығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Жезқазғанда 3 ақпанда тұман болады.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с.
3 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ, тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 3 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.