Букмекерлік кеңсеге барған адамның бет-бейнесі бақылауға алынады

Яғни, бәс тігер алдында ойыншы бейне-биометрикалық идентификациядан өтуі тиіс.

Malim Админ

  • 22.04.2024

Бұл жайында мәжілісте Ойын бизнесі туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар, заң жобасында букмекерлік кеңселерде бәс тігу, ақша алу және төлеу кезінде қатысушыларды бейне-биометрикалық идентификациядан өткізу міндеттеледі. Ойын бизнесі ұйымдастырушыларының үшінші тұлғалардың банктік карточкаларына төлем қабылдауына шектеу қою мәселесі қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау және әскери қызметкерлердің бәс тігуіне тыйым салу ескерілген. Шамамен 220 мыңға жуық қызметкердің құмар ойын ойнауы шектеледі, - деді депутат.

Депутаттың сөзінше, бәс тігіп, құмар ойнаудан әр азамат өзін 10 жылға дейін заң жүзінде шектей алады. Егов-мобайл қосымшасы арқылы реттелетін шектеуді қайта алып тастау мүмкін емес.
Фото: spot.uz

Байланысты жаналықтар

Иракта бір жыныстылар қарым-қатынасы үшін жазаланатын болады

29.04.2024

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

24.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024

Президент жұртшылық қызу талқылаған заңға қол қойды

15.04.2024

Сенат әйелін ұратындарға қатысты жазаны күшейтетін заңды мақұлдады

11.04.2024

Қарызы бар адамға құмар ойнауға тиым салынбақ

20.03.2024
MalimBlocks
Иракта бір жыныстылар қарым-қатынасы үшін жазаланатын болады

Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады.

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Онда мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.

Президент жұртшылық қызу талқылаған заңға қол қойды

Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Сенат әйелін ұратындарға қатысты жазаны күшейтетін заңды мақұлдады

Заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Қарызы бар адамға құмар ойнауға тиым салынбақ