Malim.kz
Әлем

Лукашенко Украинаның 31 азаматын кешірді

Арман Қайыпхан
Фото: oborona.ru

Беларусь билеушісі 31 украин азаматын кешіру туралы шешімді Дональд Трамппен жасалған келісімдерді жалғастыру аясында және “Украина тарапының өтініші бойынша – соғысты реттеуге жағдай жасау мақсатында” қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Александр Лукашенко Украинадың 31 азаматын кешірді. Бұл туралы сенбі, 22 қараша күні саясаткердің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамп пен Лукашенко арасындағы келісімдерді дамыту үшін, сондай-ақ “Украина тарапынан түскен өтінішке сәйкес – Ресейдің Украинаға қарсы соғысын реттеуге жағдай жасау мақсатында” қабылданған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары