Malim.kz
Қоғам

"Маған үш рет талақ деді": Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші әйелі бар шындықты айтты

• Мадияр Қапанбек
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші жары Ильнура Ғалымова олардың отбасылық өмірі мен ажырасуына қатысты жаңа мәліметтерді бөлісті. Ол Taboo жобасына берген сұхбатында Әсемнің ұзатуына дейін болған жағдайларды және кейін күйеуінің өзіне талақ айтқанын әңгімеледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Ильнураның сөзінше, Айтуған Әсемге үйленер алдында оның ата-анасының келісімін алу үшін Атырауға барған. Бұл сапарға Ильнура да бірге барған.

"Айтуған Әсемді ұзатып алатын кезде, ата-анасын көндіру үшін Атырауға мен де бірге бардым. Бірақ олар келіспеді. Ата-анасы менен "Сен бұл шешімге шынымен өз еркіңмен келіп отырсың ба, әлде Айтуған сені ұрып-соғып, қинап көндірді ме?" деп сұрады. Мен бәріне өз еркіммен келісіп отырғанымды айттым”", – деді Ильнура.

Оның айтуынша, сол кезде Әсемнің ата-анасы қызының жүкті екенін білмеген. Сұхбат барысында Ильнура сол кездесуде Айтуғаннан екі отбасыға бірдей қарай ала ма деп сұрағанын да жеткізді.

"Сол жерде Айтуғаннан "Екі жаққа да бірдей қарайсыз ба?" деп сұрадым. Ол "иә" деді. Бірақ нәтижесінде олай болған жоқ", – деді ол.

Ильнураның сөзінше, Әсемнің ұзатуынан кейін өзі де балаларымен бірге Қытайға баруы тиіс болған. Алайда кейін Айтуған қаржы жеткіліксіз екенін айтып, жол шығынын Ильнураның өзі жинауын ұсынған.

"Ол маған "Сен жарнама алып жүрсің ғой, ақша жинап, балаларды алып өзің кел. Мұндағы барлық шығынды мен көтеремін" деді. Мен бұған ашуланып, келіспедім", – дейді Ильнура.

Ол мұндай шешім қабылдауына қаржылық қауіпке қатысты күдігі де әсер еткенін айтты.

"Өйткені ол жерде тек Айтуғанның емес, Әсемнің де қарызы бар еді. "Олар қарыздарынан құтылып алғаннан кейін, маған енді керегің жоқ деп тастап кетсе қайтемін?" деген ой болды. Сол себепті келіспедім", – деді ол.

Ильнура Ғалымова кейін Айтуғанның өзіне телефон арқылы талақ айтқанын мәлімдеді.

"Айтуған маған өзі талақ берді. Қоңырау шалды да "Нұранбек Ильнура, телефонды құлағыңа тақа" деді. Сосын "Сен бөтен еркектен сыйлық алдың. Сол үшін саған талақ беремін. Менің енді әйелім жоқ, менің енді бір ғана аманатым бар" деді. Маған үш рет "талақ" деді", – деп мәлімдеді Ильнура.

Оның айтуынша, сөз болып отырған сыйлық – Сейфолла есімді азаматтың Ұмраға берген жолдамасы.

"Маған Сейфолла мырза Ұмраға жолдама сыйлаған еді. Мен бұл туралы Айтуғанға алдын ала ескерттім. Ол кезде "жақсы" деп, келіскендей болған", – деді Ильнура.

Ильнураның айтуынша, діни тұрғыда Айтуған талақ айтқан. Ал заңды некені бұзу рәсімін өзі бастап, ресми өтініш берген.

Еске сала кетейік, Айтуған Ғалымовтың бірінші жары Ильнура Ғалымова әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі өміріндегі қиын кезең туралы айтып, көпшілікке жан сырын ақтарған.

Айтуған Ғалымов кім?

Айтуған Ғалымов – әлеуметтік желі арқылы танылған қазақстандық блогер және контент авторы. Ол TikTok-тағы видеолары арқылы кең аудитория жинап, кейін түрлі ойын-сауық жобаларына қатыса бастады.

Бір кезеңде Айтуған Ғалымов "Crush" team құрамында болған. Сондай-ақ ол Ақан Сатаевтың "Бапкер" телехикаясында рөлдердің бірін сомдаған.

2022 жылы блогер әншілік бағытта да өзін сынап, "Ай" атты алғашқы әні мен бейнебаянын жарыққа шығарды. Өзінің айтуынша, ән айту бала кезінен бергі арманы болған.

Соңғы жылдары Айтуған Ғалымовтың жеке өмірі де әлеуметтік желілер мен отандық БАҚ-та жиі талқыланып жүр. 2026 жылы оның отбасылық қарым-қатынасына қатысты бірқатар сұхбат пен мәлімдеме жарияланды.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары