Malim.kz
Экология

Маңғыстауда аққулардың қырылуы: экологтар зерттеу нәтижелерін жариялады

Айбын Атабай
Азамат Сәрсенбаев

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары өлген аққуларға қатысты зерттеу қорытындысын жариялады. Экологтер өлекселер табылған аумақтан су сынамаларын алып, зертханалық талдау жұмыстарын жүргізген болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары биылғы 25 наурызда Түпқараған ауданының Сайын -Шапағатов ауылындағы жағалау учаскесінде 11 аққудың өлексесі табылуына байланысты су сынамаларын алды. Алынған сынамалар бойынша зертханалық сараптама жүргізілді. Талдау нәтижесіне сәйкес, суда ластаушы заттар анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін, Ақтау қаласына жақын орналасқан Сайын Шапағатов аулының жағалауынан өлі аққулар табылғанын жазған болатынбыз

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары