Қазақ эстрадасының танымал әншісі, "МузАРТ" тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Өнер иесінің қуанышына елімізге белгілі әншілер, мәдениет қайраткерлері мен шоу-бизнес өкілдері жиналды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мерейтойлық кеште өнер әлеміндегі әріптестер бас қосып, әншінің қуанышына ортақтасты. Қонақтар арасында көпшілікке танымал жұлдызды жұптар да болды.
Әлеуметтік желіде мерейтойдан түсірілген фото-видеолар тарап, өнер иелерінің мерекелік кештегі суреттері назар аудартты.
Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш
Қазақтың белгілі әншісі Нұрғали Нүсіпжанов пен жұбайы Жадыра Сейдеш – ел назарындағы танымал жұптардың бірі. Өнер майталманы мен жарының көпшілік ортада бірге көрінуі әрдайым жұрттың қызығушылығын тудырады.
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина
Қазақ эстрадасындағы танымал отбасылардың бірі – Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина. Ерлі-зайыпты өнер иелері ұзақ жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді.
Айта кетейік, Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Қыдырәлі Болманов кезінде бірге өнер көрсеткен АБК тобының мүшелері Медеу Арынбаев және Ерлан Көкеевпен сахнаға шығып, "Тамшылар" әнін орындады.
Ерке Есмахан мен Raim
Отандық шоу-бизнестегі көпшілікке танымал жұптардың бірі – Ерке Есмахан мен Raim. Екеуі де музыкалық шығармашылығымен және әлеуметтік желідегі белсенділігімен танылған.
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева
Өнерде де, өмірде де жұп болып жүрген Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева да танымал отбасылардың қатарында.
Тоқтар Серіков Мейрамбек Беспаевтың өнердегі жақын әріптестерінің бірі саналады. Мерейтой кезінде ол әншінің домбырасына арналған аукционға қатысып, аспапты 10 миллион теңгеге сатып алуға дайын екенін айтқан.
Серік Ибрагимов пен жұбайы Айнамкөз
Мерейтой қонақтарының арасында Серік Ибрагимов пен жұбайы Айнамкөз де аталды. Жұптың тойдағы бірге түскен суретін фототоптамадан көруге болады.
Кенжебек Жанәбілов пен жұбайы
Мейрамбек Беспаевтың мерейтойына "МузАРТ" тобындағы әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің де қатысқаны айтылды.
"МузАРТ" тобы арқылы кеңінен танылған өнер иесі Мейрамбек Беспаевпен ұзақ жылдар бойы бір сахнада ән шырқап келеді.