Malim.kz
Әлем

Мексикада 32 адамның бөлшектелген мәйіті табылды

Malim Админ

Мексика прокуратурасы шілденің 30-ы мен тамыздың 2-сі аралығында жүргізілген іздеу жұмыстары барысында 32 адамның денесінің табылғанын растады. Полиция мүрделерді елдің ортылығындағы Гуанахуато штатында орналасқан Ла-Калера елді мекеніндегі ортақ қорғаннан тапқан, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.


Ла-Калерада жүргізілген тергеу жұмыстарынан соң 32 адамның денесі табылып, олардың 15-нің кімдікі екені анықталды,-делінген прокуратураның Х әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.

Жергілікті TVguanajuato телеарнасының хабарлауынша, адамдардың денелері бөлшктеліп тасталған. Сол себепті оларға талдау жүргізу үшін осы саладағы генетика, антропология және сот стоматологиясы сияқты арнайы тәсілдерді қолдану қажет болды.

Фото: report.az

Malim Админ
Автордың басқа материалдары