Malim.kz
Қоғам

Мереке күні ауа райы қандай болады?

Арман Қайыпхан

22 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен ел аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай елдің көп бөлігінде күн құбылып, жаңбыр қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында көктайғақ болады, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Фото: pixabay.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары