Malim.kz
Қоғам

Мерекелік әлеуметтік төлемдер барлық өңірде теңестірілді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Қазақстанда мерекелік біржолғы әлеуметтік төлемдер барлық өңірде теңестірілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік әлеуметтік көмекті бірыңғайлау туралы хабарлады. Бұған дейін төлем мөлшері жергілікті бюджетке байланысты әр өңірде әртүрлі болатын.

Енді ең төменгі мөлшер бекітілді – кемінде 2,5 айлық есептік көрсеткіш (10 812 теңге).

Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін көмек күнкөріс минимумына байланыстырылып, автоматты түрде индексацияланатын болады. Мәліметтер «E-Sobes» цифрлық жүйесіне көшірілуде.

Министрлік өкілі Айнұр Абдырахманованың айтуынша, мәслихаттардың тиісті шешімдері өңірлердің басым бөлігінде қабылданған. Қалған аймақтарда төлемдерді толық бірыңғайлау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қыркүйегінде жүктеген. Ал Премьер-министр Олжас Бектенов бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды міндеттеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары