Malim.kz
Әлем

Мехикода жаппай толқулар басталды

Арман Қайыпхан
Фото: MAGO

Мехико қаласында ондаған мың адам көшеге шығып, Мексика президенті Клаудия Шейнбаум басқаратын үкіметке қарсы наразылық білдірд, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Шерудің басты себептері – наркокартельдердің күшейіп бара жатқан ықпалы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресімен танылған Уруапан қаласының мэрі Карлос Мансоның жақында қастандықпен өлтірілуі. Наразылардың қатарында марқұм мэрдің әжесі де болды.

Үкіметтік ауданында полиция мен демонстранттар қақтығысып, кейбір қатысушылар ұлттық сарай — президент резиденциясының қоршауын бұзып өтті. БАҚ дерегінше, 40–120 адам жарақат алып, кемінде 20 адам ұсталған. Президент Шейнбаум күш қолдануды айыптап, бейбіт наразылыққа шақырды.

Бұған дейін Шейнбаум шеруге шыққандарды – негізінен Z буынының жас өкілдерін – «сырттан басқарылады» деп айыптаған еді. Ал наразылар бұл айыптауларға «Мен бот емеспін» деген ұранмен жауап берді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары