Malim.kz
Әлем

"Моджтаба Хаменеи қайтыс болды": Иранның саяси жүйесінде қайғылы қаза болды

Мадияр Қапанбек
Моджтаба Хаменеи. Фото: Reza B / Middle East Images / AFP via Getty Images

Британдық саяси белсенді әрі сарапшы Николас Лиссак X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранның жоғарғы басшысы Моджтаба Хаменеиге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы "Свободный Иран" Telegram арнасы хабарлады.

Лиссактың айтуынша, Хаменеидің денсаулығы ауыр деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сарапшы оның наурыз айының ортасында-ақ қайтыс болғанын алға тартты.

"Моджтаба Хаменеи "ауыр жағдайда" емес. Ол наурыздың ортасынан бері қайтыс болған. Мұның бәрі – оның өлімін кейінірек ресми түрде жариялап, орнына одан да қатаң радикалды тұлғаны әкелуге бағытталған Ислам революциясы сақшылар корпусының жоспары. Сөзімді есте сақтаңыздар: бұл режим құлайды. Иранға бостандық!" – деп жазды Николас Лиссак.

Айта кетейік, бұл – британдық сарапшының мәлімдемесі. Моджтаба Хаменеидің қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, 1 наурызда Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеинің қаза тапқанын ресми түрде растады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары