freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран БАҚ-тары Али Хаменеинің қаза тапқанын растады

Әлем
Иран БАҚ-тары Али Хаменеинің қаза тапқанын растады
Фото: Office of the Supreme Leader of Iran / Getty Images

Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеинің қаза тапқанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, ол АҚШ пен Израиль жүргізген әскери операция салдарынан мерт болған.

Бұл ақпаратты 1 наурыз күні таңертең Иранның жетекші мемлекеттік агенттіктері — Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars — бір мезгілде жариялады. Аталған хабарламалар ел ішінде де, халықаралық деңгейде де үлкен резонанс тудырды.

Иран үкіметі Хаменеи қайтыс болуына байланысты 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады. Сонымен қатар, елде 7 күн ұлттық демалыс күндері деп белгіленіп, мемлекеттік мекемелер мен бірқатар ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланды.

Али Хаменеи Ислам Республикасын соңғы 36 жыл бойы басқарған және елдің саяси жүйесінде шешуші рөл атқарған тұлға саналады. Оның басшылығы кезеңінде Иранның ішкі және сыртқы саясаты, соның ішінде ядролық бағдарлама мен аймақтық ықпалы айтарлықтай күшейді.

Сарапшылардың пікірінше, жоғарғы көшбасшының қазасы Иранның саяси құрылымына, Таяу Шығыстағы күштер тепе-теңдігіне және халықаралық қатынастарға елеулі әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда ел ішінде билік транзитіне қатысты ықтимал сценарийлер талқыланып жатыр.

Бұған дейін Иранның қорғаныс министрі Әзиз Насирзаде мен Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур Израильдің шабуылдары салдарынан қаза тапты болуы мүмкін деген ақпараттар тараған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу