Malim.kz
Қоғам

Мүлікті сату кезіндегі салық салу ережелері өзгереді

Айбын Атабай
Gov.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда мүлікті сату кезіндегі салық салу ережелері өзгереді. Жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі, мүлікті иелену мерзімдері нақтыланады және табысты есептеу тәртібі жаңартылады. Негізгі қағида өзгермейді. Салық тек мүлікті сатқандағы құн өсімі болған жағдайда ғана салынады. Бұл туралы  Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тұрғын үй мен жер учаскелерін сату

Бұл санатқа мыналар жатады: пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақ орындары, қоймалар, жер учаскелері, жеке қосалқы шаруашылық жерлері (ЖҚШ).

Салық мүлікті иелену мерзіміне байланысты есептеледі:

2 жыл және одан көп – салық салынбайды

2 жылдан аз – мүлікті сату кезінде пайда болған құн өсімінен салық төленеді

Өтпелі ережелер (2028 жылғы 1 қаңтарға дейін):

1 жыл иелену – егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелсе;

2 жыл иелену – егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелсе.

Коммерциялық (тұрғын емес) мүлікті сату

Коммерциялық нысандарға дүкендер, кеңселер, қоймалар, базалар жатады. Мұндай мүлік сатылған кезде иелену мерзіміне қарамастан әрдайым салық төленеді.

Тегін алынған мүлік

Егер мүлік сыйға немесе мұраға алынған болса, құн өсімін есептеу тәртібі ерекше болады.

Мұраға қалдырылған мүлік:

Мүліктің нарықтық құны меншік құқығы пайда болған күнгі бағалау есебі бойынша алынады;

Бұл бағалау декларация тапсыру мерзімінен кешіктірілмей жасалуға тиіс.

Сыйға берілген мүлік:

Салық есептеу үшін 1 қаңтардағы мүлік салығы мақсатында мемлекеттік корпорация анықтаған бағалау құны қолданылады.

Көлік құралдарын сату

1 жылдан аз иеленсе – құн өсімінен салық салынады;

1 жылдан көп иеленсе – салық салынбайды.

2026 жылдан бастап жеке табыс салығының мөлшерлемелері:

Төмен табысқа – 10%;
Жоғары табысқа (шектен асса) – 15%.

Салық төлеушінің міндеттеріне ЖТС сомасын есептеу, салық декларациясын тапсыру және салықты белгіленген мерзімде бюджетке төлеу кіреді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары