Malim.kz
Қоғам

"МузАРТ-тан" Сәкен кетірді": Мақсат Базарбаевқа қатысты ел естімеген шындық мәлім болды (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек

Әлеуметтік желіде "МузАРТ" тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевтың ұжымнан кетуіне қатысты түрлі пікірлер қайта талқылана бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Желі қолданушыларының бірі әншінің топтан кетуіне Сәкен Майғазиевтің қатысы бар-жоғын сұрап, бұл тақырып қызу пікірталасқа ұласқан.

Пікір жазғандар арасында әртүрлі көзқарас айтылды. Бірі Сәкен Майғазиевті сынаса, енді бірі екі әншінің де өнерін жоғары бағалаған.

Ал Мақсат Базарбаев жуырдағы сұхбатында бұл мәселеге нақты жауап беріп, қауесеттерге тоқтау салуға тырысты.

"МузАРТ" тобынан өз еркіммен, ешкіммен дауласпай шықтым. Бұл дау қылатын тақырып емес, оны жабатын уақыт келді", – деді әнші.

Осылайша Мақсат Базарбаев топтан кетуі өз шешімі болғанын тағы бір мәрте атап өтті.

Бұған дейін "Түркістан" театрының актері Шерхан Саматұлы "Қайырлы таң, Қазақстан" бағдарламасында қонақ болып, "МузАрт" тобына арналған театрландырылған қойылым туралы әңгімелеген еді.

"МузАРТ" тобы – қазақ эстрадасының аңызға айналған ұжымы

"МузАРТ" – қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі халық сүйіспеншілігіне бөленген вокалды топтардың бірі. Ұжым 2001 жылы Алматы қаласында құрылып, ұлттық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосып келеді.

Топтың алғашқы құрамында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев өнер көрсетті. Кейін Мақсат Базарбаев жеке шығармашылық жолын таңдаған соң, оның орнына Кенжебек Жанәбілов келді.

Ұжымның алғашқы орындаған әндерінің бірі – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған "Сенің көзің" туындысы болды. Бұл шығарма топтың шығармашылық жолындағы маңызды бастамалардың біріне айналды.

2003 жылдан бастап "МузАРТ" шетелдік гастрольдік сапарларға шығып, Қытай, Ресей және Түркия сахналарында концерттер өткізді. Осылайша топтың танымалдығы Қазақстаннан тыс жерлерге де тарала бастады. 2011 жылы ұжым өзінің 10 жылдық мерейтойын Астанада атап өтсе, 2021 жылы 20 жылдық шығармашылық белесін бағындырды.

"МузАРТ" репертуарында эстрадалық әндермен қатар халықтық және ретро бағыттағы туындылар да ерекше орын алады. Олардың "Өз елім", "Шашбаулым", "Үшқоңыр", "Анаға сәлем", "Қайран көңіл" секілді әндері көпшілік арасында кеңінен танылып, халық жадында сақталды.

Бүгінде "МузАРТ" қазақ эстрадасының символына айналып, бірнеше буын тыңдармандарының сүйікті тобы ретінде танылып отыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары