Malim.kz
Қоғам

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Арман Қайыпхан

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда, 14 күн демалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл айда екі бірдей айтулы мереке тойланады: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

"ҚР мерекелер туралы" заңының 3-бабына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы – мемлекеттік мерекелер. Ал аталған заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке тойланатын күндер демалыс күндері болып саналады.

Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз – демалыс күндері, ал 10 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз – жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері болады.

Ал 2025 жылы Қазақстанда барлығы 119 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің саны бойынша ең "ұзақ" ай наурыз – 14 күн, ал ақпан мен сәуір демалыс күндері (8) ең аз ай.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары