ҚР Сыртқы істер министрлігне табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін тағы бір Қазақстан азаматы туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазір қазақстандық дипломаттар Непал мен Қытайдың мемлекеттік органдарымен бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Үш қазақстандық туристің тағдыры әзірге белгісіз. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін Непал-Қытай шекарасында тағы да екі қазақстандық қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы жазған едік.