Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аймақта екі қазақстандық азаматша іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның айтуынша, жоғалған қазақстандықтардың бірі туристік топ құрамында Непал мен Қытай арасындағы шекарадан өткен.
ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастыруда. Отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған, – деді Жанболат Үсенов.
Әлеуметтік желіде жоғалған туристердің аты-жөні жарияланды. Олар – 1982 жылы туған Анна Щерба мен Ирина Блонская.
Қазір қазақстандықтарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.