Malim.kz
Әлем

Нью-Йорк әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысты, жараланғандар бар.

Айбын Атабай
Bing Guan/REUTERS

Bombardier CRJ-900 ұшағы Air Canada әуе компаниясына тиесілі, LaGuardia Airport әуежайына қонғаннан кейін өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан. Оқиға дүйсенбіге қараған түні, 23 наурыз күні, жергілікті уақыт бойынша шамамен 23:40-та болған.

АҚШ-тың The New York Post газетінің жазуынша, кемінде екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алған.

Ұшақ бортында шамамен 100 жолаушы болған. Олардың барлығы эвакуацияланған. Алайда олардың арасында жараланғандар бар-жоғы әзірге белгісіз.

Ұшақтың тұмсығы жұлынып кеткен.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерде ұшақтың алдыңғы бөлігі қатты зақымданғаны көрінеді. Соқтығыс қалың жаңбыр салдарынан көріну нашар болған жағдайда ұшу-қону жолағында болған.

Қазіргі уақытта Ла-Гуардия әуежайы жабық, ал келіп жатқан рейстер басқа әуежайларға бағытталуда. Әуежай жергілікті уақыт бойынша тек кешкі сағат 18:00-де қайта ашылуы мүмкін деп хабарлануда.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары