Malim.kz
Қоғам

"Ол қарсы болды": Роза Рымбаеваның келіні күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
әлеуметтік желіден. Суретте: Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай

Танымал әнші Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде жұбайымен бірге түсірген көңілді видеосын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада ерлі-зайыптылардың жарасымды сәті көрініс тапқан. Ақерке жазба астына әзіл аралас пікір қалдырған:

"Ол қарсы болды. Бірақ контент жеңді", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұптың видеоcын жылы қабылдап, пікірлерін жарыса білдірді:

"Әп-әдемі Ақерке, Әли нағыз джентльмен, жұптарыңыз жарасымды!", "Бақытты болыңдар, әдемі жұпсыңдар!", "Ақерке өте қылықты, Әлимен жарасымды көрінеді", "Жандарым-ай, нағыз өнерлі жұп! Өнерлерің өрлей берсін!" – деп жазды олар.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары