Malim.kz
Қоғам

"Өмірден өтті": Танымал блогер отбасындағы қайғылы хабарды айтты

• Мадияр Қапанбек
Эльмира Төлегенова. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Блогер Эльмира Төлегенова отбасында қайғылы жағдай болғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оның әжесі өмірден өткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Эльмира әжесінің өз өмірінде ерекше орны болғанын, балалық шағы мен отбасының ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

"Бүгін сіздерге мен үшін өте ауыр жаңалықты жеткізгім келеді, әжем өмірден өтті. Ол менің өмірімнің, балалығымның, отбасымның және жүрегімнің бір бөлігі еді. Қазір оның енді жанымда жоқ екенін түсіну де, сөзбен жеткізу де маған өте қиын. Өмір бойы маған сыйлаған жылуы, махаббаты мен қамқорлығы үшін оған шексіз ризамын. Енді мәңгі жүрегімде қалатын барлық естеліктер үшін де алғыс айтамын.

Әжемнің рухына дұға бағыштап, дұғаларыңызда еске алуларыңызды сұраймын. Әжемнің қырқын беру рәсімі 31 қазан күні Есіл қаласында өтеді.

Кейінірек нақты ақпаратты жазамын. Әжемнің құрбылары мен таныстарының арасында келіп, көңіл білдіргісі келетіндер болса, көріп қалар деген оймен жазып отырмын", – деп жазды блогер.

Еске сала кетейік, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова бұған дейін ұтысқа саламыз деп уәде берген, кейін тәркіленген көліктер сатылғаны туралы жазған едік.

Эльмира Төлегенова кім?

Эльмира Төлегенова – әлеуметтік желіде танымал қазақстандық блогер және контент авторы. Ол Instagram арқылы күнделікті өмірі, отбасы, саяхат және жеке тәжірибесіне қатысты жазбаларымен оқырман жинаған.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі маңызды оқиғалармен жиі бөлісіп, оқырмандарымен ашық форматта байланыс орнатады.

Эльмира Төлегенова көпшілікке әсіресе жеке өмірі мен отбасылық тақырыптағы жазбалары арқылы таныс. Оның парақшасында тұрмыстық сәттер, сапарлар және жақындарына қатысты жазбалар жиі жарияланып тұрады.

Эльмира Төлегеноваға қатысты соңғы жаңалықтар

Соңғы айларда Эльмира Төлегенованың есімі бірнеше резонансты оқиғамен байланысты аталды. 2026 жылғы сәуірде оған және жұбайы Ерболат Жанәбіловке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Эльмира Төлегеноваға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кішкентай балаларының болуына байланысты жазаны өтеу екі жылға кейінге шегерілді. Сот сондай-ақ бірқатар мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Ал 2026 жылғы 30 қыркүйекте блогер жеке өміріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Ол Ерболат Жанәбіловпен ажырасу процесі жүріп жатқанын айтып, әлеуметтік желіде отбасындағы жанжал туралы видео жариялады. 1 қазанда бұл жағдайға полицияның да араласқаны хабарланды.

Осы оқиғалардан кейін Эльмира Төлегенованың жеке өмірі мен отбасына қатысты жаңалықтар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып келеді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары