freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер кімдерге берілетіні белгілі болды

Құқық
Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер кімдерге берілетіні белгілі болды
instagram.com/zhanabylov_e

Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова бұған дейін ұтысқа саламыз деп уәде берген, кейін тәркіленген көліктер сатылды, деп хабарлайды Malim.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Электрондық сауда қорытындысы бойынша барлық көлік мемлекеттік органдарға берілді.

E-Qazyna мемлекеттік мүлік порталы арқылы сегіз Hyundai Elantra автокөлігі сатылды.

Платформа мәліметінше, бұл көліктер құрылтайшысы Эльмира Төлегенова болып табылатын «Zhana Business» ЖШС атына тіркелген.

Сауда-саттық 7 шілдеде сағат 10:00-де өтті. Кейбір көліктердің бастапқы құны шамамен 8,4 млн теңгені құрады. Дегенмен, оларды тек мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, соның ішінде әлеуметтік және білім беру ұйымдары ғана сатып ала алды.

Сонымен қатар, 8 шілдеде блогерлер өз оқырмандары арасында ұтысқа салған 17 дана iPhone 16 смартфоны бойынша сауда-саттық өтеді.

Оларды да E-Qazyna мемлекеттік мүлік порталы арқылы сату жоспарлануда.

Сатушы ретінде Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті әрекет етіп отыр. Бастапқы құны – 484 990 теңге, ал кепілдік жарнасы – 72 749 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Жанабыловтардың ұтыс ойынына тігілген автокөліктер Астанада сатылымға шығатыны хабарланды. 

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, олардың ұйқамаққа алынғанын хабарлаған болатын.

Анықталғандай, Жанабыловтар тергеумен келісімге келді. Сот барысында судья әр айыпталушының ұстанымын жеке нақтылады.

Блогер Жанабылов пен Төлегеноваға сот үкімі жарияланып, екі айыпталушы да кінәлі деп танылды.

Сот отырысы барысында Жанабыловтардан қандай мүлік тәркіленетіні айтылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу