Malim.kz
Оқиға

Оралда 13-қабаттан құлаған жас жігіт қаза болды

Айбын Атабай
ІІМ

Оралда 14 қабатты тұрғын үйде қайғылы оқиға болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 11 мамыр күні түскі мезгілде «Құрылысшы» шағынауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша 13-қабаттан 27 жастағы азиат пішіндес жас жігіт құлап кеткен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

— Алған жарақаттары салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.


 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары