Венгрияның премьер-министрі Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады, деп хабарлайды Anadolu.
«Сайлау нәтижелері ауыр, бірақ айқын. Мен жеңіске жеткен партияны құттықтадым. Әзірге бұл нәтижелер еліміз бен ұлтымыздың тағдыры үшін нені білдіретінін білмейміз, оны уақыт көрсетеді. Бірақ біз оппозицияда болсақ та, елімізге қызмет етуді жалғастырамыз», – деді Венгрия премьер-министрі жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.
Жеңіске жеткен Tisza партиясының көшбасшысы Мадьяр Орбанның өзін телефон арқылы жеңісімен құттықтағанын хабарлады.
Дауыстардың 90 пайызы саналған мәлімет бойынша, Венгрия парламентіне үш партия өтуде: "Тиса", биліктегі "Фидес" партиясы және ультраоңшыл, ресейшіл "Ми Хазанк" ("Біздің Отан").
Венгриялық барлық БАҚ-тың есептеулері "Тиса" партиясының конституциялық басымдыққа ие болатынын көрсетеді. Атап айтқанда, Atlatszo басылымының болжамынша, қазіргі деректер бойынша "Тиса" 138 мандат, "Фидес" – 54 депутат, ал "Ми Хазанк" – 7 орын алады.
Еске салсақ, 2024 жылы ақпанда Венгрия президенті Каталин Новак педофилия дауына байланысты отставкаға кеткен болатын. Президент бұл мәлімдемені педофилия ісіне қатысы бар ер адамға кешірім жасау туралы шешіміне қатысты сынға ұшырағаннан кейін жасады.