Malim.kz
Әлем

Ozon сатушыларға тауарын Қазақстанда сақтауды ұсынды

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Ресейдегі Ozon логистикалық нысандарына жасалған дрон шабуылдарынан кейін маркетплейс сатушыларға тауарларын Алматы мен Астанадағы қоймаларда орналастыруды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ztb мәліметінше, Қазақстандағы қоймаларға орналастырылған тауарлар Ресей, Қазақстан және Қырғызстандағы сатып алушыларға жеткізіледі. Ozon Ресейге тапсырыстарды бірнеше күн ішінде жеткізуге мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. 

Сатушылар үшін 30 қыркүйекке дейін тауарларды Алматы мен Астанаға тасымалдау тегін болады. Сонымен қатар қоймаларға жеткізілетін тауар көлеміне шектеу қойылмайды, ірі көлемді тауарлар да қабылданады. Қосымша құжат рәсімдеу талап етілмейді. 

Мұндай ұсыныс тамыз айының соңында Ресейдің бірнеше өңіріндегі Ozon логистикалық нысандарына дрон шабуылдары жасалғаннан кейін жарияланды. Кейбір нысандарда өрт шығып, жұмыс уақытша тоқтатылған.

Айта кетейік, бұған дейін Украина қарулы күштері Ресейдің Самара облысындағы Ozon логистикалық кешені мен Новокуйбышев мұнай өңдеу зауытына дрондармен соққы жасаған еді. Шабуыл салдарынан Ozon қоймасында өрт шығып, 500-ден астам қызметкер эвакуацияланды. Сондай-ақ бірнеше адамның зардап шеккені хабарланған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары