freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Самара облысындағы Ozon қоймасы мен мұнай өңдеу зауытына соққы жасады

Әлем
Украина Самара облысындағы Ozon қоймасы мен мұнай өңдеу зауытына соққы жасады
Фото: DW

2026 жылғы 22 тамызға қараған түні Украина қарулы күштері Ресейдің Самара облысындағы Ozon маркетплейсінің Чапаевск қаласында орналасқан ірі логистикалық кешеніне және өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне дрондармен соққы жасаған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищевтің мәлімдеуінше, шабуыл кезінде бірнеше адам зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның айтуынша, әуе шабуылы кезінде бірнеше ондаған дрон атып түсіріліп, басылған.

Ozon компаниясы қоймаға дрондар шабуылынан кейін өрт шыққанын растады. 500-ден астам қызметкер бірнеше минут ішінде эвакуацияланған. Алайда компания мәліметінше, зардап шеккендер бар. Логистикалық кешеннің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Чапаевскідегі Ozon логистикалық кешені Поволжьедегі маркетплейстің ең ірі нысандарының бірі саналады. Оның аумағы шамамен 135 мың шаршы метр.

Сондай-ақ Самара облысындағы Новокуйбышев мұнай өңдеу зауытында өрт шыққаны хабарланды. Кәсіпорын «Роснефть» компаниясына тиесілі.

Аналитиктердің мәліметінше, Ozon қоймасының маңында «Промсинтез» және «Полимер» сияқты қорғаныс өнеркәсібіне қатысты кәсіпорындар орналасқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу