Malim.kz
Әлем

Павел Дуров қамаудан босатылды

• Malim Админ

Соттың бақылауына алынып, оған Франциядан кетуге тыйым салынды. Павел Дуров Telegram қосымшасының модерациясының болмауына және құқық қорғау органдарымен ынтымақ орнатпауына байланысты қудалауға ұшыраған. Ол 24 тамызда Ле-Бурже әуежайында қамауға алынған.

Төрт күннен кейін бес миллион еуро кепілдікпен босатылды. Ол аптасына екі рет полицияға барып, белгіленіп отыруға міндетті.

Дуровтың ісіне байланысты прокуратура мәлімдемесінде көрсетілген заңғы қайшы әрекеттер: құқық қорғау органдарына тергеу жүргізуге қажет ақпаратты бермеу, киберқылмыс, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, криптология құралын алдын ала декларациясыз импорттау және балалардың порнографиялық суретін таратуға қатысу.

Фото: ВВС

Malim Админ
Автордың басқа материалдары