Malim.kz
Қоғам

Павлодарда құлаған мектеп ғимаратынан ер адамның мәйіті табылды

Арман Қайыпхан
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, ғимараттың қирандылары арасынан ер адамның денесі бүгін таңғы 4:31-де табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құтқарушылар кинологтар мен арнайы техника, жылуөлшегіш құралдарды пайдаланып, іздеу жұмыстарын жүргізген.

Еске салсақ, мектеп ғимараты 7 қарашада құлаған болатын. Сол кезде екі адам зардап шеккен, кейін амбулаторлық емге жіберілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары