Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылды

Оқиға
Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылды
Фото: pixabay

Павлодар қаласында Казахстанская правда көшесіндегі салынып жатқан ғимараттың жабын плитасы опырылып түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық ТЖД-ның алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында 1967 жылы туған ер адам болуы мүмкін.

Оқиға орнында 20 құтқарушы мен 6 техника жұмыс істеп жатыр, жедел штаб құрылған. Ер адамды іздеу үшін жылу камерасы бар дрон да қолданылуда.

Құтқарушылардың мәліметінше, құрылыс нысаны – жеке меншік. Ал бұл алаңда нақты кім және қандай ғимарат салып жатқаны әзірге белгісіз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу