Бангладеште әке теміржол станциясында рельске құлап кеткен бір жасар ұлын құтқарып қалды, деп Malim.kz тілшісі Daily Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кезінде бала әкесі қозғалып кеткен пойыз вагонынан түспек болған сәтте платформа мен пойыз арасындағы саңылауға құлап кеткен. Әкесі бірден артынан секіріп, ұлын құшағына қысып, дөңгелектерден алыс, платформаның қабырғасына тығылған.
Басылым мәліметінше, олардың үстінен сегіз вагон өтіп кеткен. Соған қарамастан, екеуі де аман қалып, ауыр жарақат алмаған.
Куәгерлер бұл жағдайды нағыз кереметке балап отыр. Ал станция қызметкерлері ер адамның еш кідірмей әрекет еткені баланың өмірін сақтап қалғанын айтады.
Бұған дейін Жапонияда 21 жастағы студент қыз күтпеген жағдайға тап болып, ол қарым-қатынаста болған ер адамның өзінің биологиялық әкесі екенін араға ұзақ уақыт салып білгенін жазған едік.