freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

21 жастағы бойжеткеннің 2 жыл бойы сөйлесіп жүрген жігіті өзінің әкесі болып шығады

Әлем
21 жастағы бойжеткеннің 2 жыл бойы сөйлесіп жүрген жігіті өзінің әкесі болып шығады
pixabay.com

Жапонияда 21 жастағы студент қыз күтпеген жағдайға тап болды. Ол қарым-қатынаста болған ер адамның өзінің биологиялық әкесі екенін араға ұзақ уақыт салып білген, деп Malim.kz тілшісі Tokyo Reporter басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Вакана Сонобе деген бүркеншік есіммен таныстырылған қыз университетке түскеннен кейін құрбысы арқылы 48 жастағы ауқатты ер адаммен танысқан. Уақыт өте олардың арақатынасы жақындасып, романтикалық байланысқа, кейін жақын қарым-қатынасқа ұласқан. Біраз уақыттан соң студент қыз жүкті болып қалған.

Арада шамамен екі жыл өткенде белгілі болғандай, бұл ер адам – оның бұрын көрмеген әрі араласпаған туған әкесі болып шыққан. Вакананың анасы оны 17 жасында тұрмыстағы ер адамнан дүниеге әкеліп, қызын жалғыз тәрбиелеген. Әкесі бастапқыда қаржылай көмектескенімен, кейін олардың арасында тұрақты байланыс болмаған.

Қыздың айтуынша, ол ер адаммен "папакацу" деп аталатын формат арқылы танысқан. Бұл – ересек ер адам жас қызға қаржылай қолдау көрсететін қарым-қатынас түрі. Ол кезде екеуі де өзара туыстық байланыс барын білмеген.

Шындық Вакана ер адамды анасына таныстырған кезде ашылған. Анасы оны бірден танып, олардың арасындағы шынайы туыстық байланыс белгілі болған.

Оқиғадан кейін студент қыз түсік жасауға шешім қабылдаған. Оның айтуынша, шындық ашылған сәттен бастап олардың қарым-қатынасы күрт өзгеріп, бұрынғы сезімнің орнына жиіркеніш сезімі пайда болған. Соған қарамастан, екі тарап әке мен қыз ретінде байланыс орнатуға тырысқан.

Қазіргі уақытта Вакана университетті аяқтауға жақын және өз бетінше өмір бастауға ниетті. Ол болашақта биологиялық әкесімен қарым-қатынасты толық тоқтату мүмкіндігін де қарастырып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу