Malim.kz
Әлем

Путин Украинадағы соғысты тоқтатуға келісті, бірақ оның бір шарты бар

• Арман Қайыпхан

Ресей басшысы Владимир Путин Ресейдің Украинамен 30 күндік бітімге келісетінін, бірақ бұл ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелуі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы ол бейсенбі күні Мәскеуде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз конференциясында айтты.

“Біз әскери әрекеттерді тоқтату туралы ұсыныстарға келісеміз”, – деді Путин.

Алайда ол бұл ұсыныстың тек ұзақ мерзімді бейбітшілікке алып келетін жағдайда ғана қабылданатынын атап өтті.

“Бұл бітім ұзақ мерзімді бейбітшілікке негіз болып, осы дағдарыстың бастапқы себептерін жоюы тиіс”, – деді Путин.

Бұған дейін Ресей Украинамен уақытша бітім жасағысы келмейді және қақтығысты ұзақ мерзімді реттеуге басымдық беретіні туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеген еді.

Фото: Mikhail Metzel/AP/picture alliance

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары