Ресей Украинамен уақытша бітім жасаудан бас тартты

Арман Қайыпхан

  • 13.03.2025

Ресей Украинамен уақытша бітім жасағысы келмейді және қақтығысты ұзақ мерзімді реттеуге басымдық береді. Бұл туралы 13 наурыз күні Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков “Россия-1” телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

“Біздің мақсатымыз – Ресейдің заңды мүдделерін ескеретін ұзақ мерзімді бейбіт келісімге қол жеткізу,” – деді Ушаков. Оның сөзінше, “бейбітшілік орнатуды көздейтіндей көрінетін” жасанды қадамдар ешкімге қажет емес.

Сондай-ақ, ол Мәскеу Вашингтонның Ресейдің ұстанымын түсінетініне сенім білдіретінін айтты. Бұл пікірін ол Ресейдің АҚШ-қа бітім шарттарын ұсынғаны туралы ақпаратқа жауап ретінде жеткізді.

Бұған дейін Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресейдің АҚШ-қа соғысты тоқтату бойынша талаптар тізімін жолдағанын хабарлаған еді. Бұл талаптар бұрын Ресей билігі Украинаға, АҚШ-қа және НАТО-ға қойған шарттармен ұқсас. Атап айтқанда, олар Киевтің НАТО-ға мүшеліктен бас тартуын, Украина аумағында шетелдік әскердің болмауын және Ресей басып алған украин жерлерінің мойындалуын қамтиды.

Сонымен қатар, Ушаков 13 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге сапары туралы түсініктеме бермеді.

“Біз мұндай байланыстардың жабық форматта өтетініне келістік,” – деді ол.

11 наурызда Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегациялары арасында бейбіт келіссөздер өтті. Кездесуден кейін Киев АҚШ-тың 30 күндік уақытша бітім туралы ұсынысын қабылдағаны хабарланды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл ұсынысты Ресейдің мақұлдауы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, Мәскеу келісім берген жағдайда, бітім күшіне енеді, содан кейін бейбіт келіссөздер басталады.

Фото: picture-alliance/Russian Look/K. Kokoshkin

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті