Malim.kz
Қоғам

"Қайғыны бастан кештім": Роза Рымбаева жеке өмірі туралы құпия шындықты айтты

• Мадияр Қапанбек
Роза Рымбаева. Фото: видеодан кадр (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолындағы елу жылдық кезеңге көз жүгіртіп, өмірінде кездескен қиындықтар мен ауыр сәттер туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің сөзінше, көпшілік оны әлі күнге дейін "Әлия" әнімен байланыстырып, бұрынғы бейнесімен қабылдайды. Алайда осы жылдар ішінде оның өмірінде де талай өзгеріс болған.

"Көпшілік әлі күнге дейін "сол баяғы Рымбаева" деп қа­был­­дайды. Халықтың жа­дында "Әлия" образым қа­лып қойған. Алайда елу жыл­дың ішінде мен де адам ретінде өс­тім, өркен­де­дім, өмірдің та­лай белесін өт­кер­дім. Қар­тай­дым, әже атан­дым. Бірақ сах­на­дағы елу жы­лым текке өткен жоқ. Осы уа­қыттың бәрінде қа­зақ сах­на­сын­да халқыммен бір­ге өмір сү­ріп келемін.

Елу жыл ара­лықта түрлі қайғыны бас­тан кештім, небір қиын ке­зең­дерді бастан өткердім. Ме­нің ең үлкен бақытым – хал­қым­­ның әркез қолдап жүргені. Әсі­ресе, жолдасымнан айы­рыл­ған ауыр кезеңде бұл қолдау ма­ған үлкен демеу болды. Сол жыл­дары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік са­пар­ларда жүр­дім. Мен жыл сайын ха­лық ал­дына шығып, "Көктем ша­­қы­рады" атты концертімді бере­­тін­мін. Бұдан кейін аталған кеш шы­ғармашылығымдағы дәс­түрлі іс-шараға айналды", – деді әнші.

Еске сала кетейік, әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында анасы, Халық әртісі Роза Рымбаеваға жаңа көлік берілгенін айтып, қуанышын бөліскен еді.

Роза Рымбаева кім?

Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының дамуына зор үлес қосқан танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1957 жылы Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген.

Өнер жолын 1975 жылы бастаған әнші алғашқы кезеңде "Гүлдер" ансамблінде, кейін "Арай" ансамблінің құрамында өнер көрсетті.

Роза Рымбаеваның шығармашылық жолындағы маңызды жетістіктердің бірі – 1977 жылы Болгарияда өткен "Алтын Орфей" халықаралық ән байқауындағы жеңісі. Осы додада Гран-при иеленіп, қазақ ән өнерін халықаралық сахнада танытты.

Әншінің орындауындағы "Әлия", "Атамекен", "Айгөлек", "Куә бол", "Гүлдене бер, туған жер" секілді әндер тыңдарман арасында кеңінен танылып, қазақ эстрадасының белгілі туындыларына айналды.

Роза Рымбаева көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік наградаға ие болған. Ол "Парасат", "Құрмет", "Халықтар достығы" ордендерімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

Халық арасында Роза Рымбаеваны "Қазақ примадоннасы", "Қазақстанның алтын дауысы", "Орта Азия бұлбұлы" деп те атайды. Бүгінде ол қазақ эстрадасының ең танымал әрі беделді өкілдерінің бірі болып саналады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары