Malim.kz
Қоғам

Қаралы хабар! Елге танымал актриса қызымен бірге жол апатынан қаза тапты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Ресейлік театр және кино актрисасы Екатерина Ведунова мен оның қызы Элина Найт Мәскеуде болған жол-көлік апатынан қаза тапты. Актриса 45 жаста болған, деп Malim.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Актрисаның қазасы туралы оның әріптесі Марианна Прядко-Белоусова әлеуметтік желіде хабарлаған.

"Бұл хабар ауыр тиді. Жол апатында менің курстасым, бәріміз жақсы көретін Катя – Екатерина Ведунова қаза тапты... Оның қызы Элина да көз жұмды. Бұған сену өте қиын", – деп жазды ол.

Прядко-Белоусованың айтуынша, Ведунова мейірімді, әрдайым жанашырлық танытып, қиын сәтте қолдау көрсететін адам болған.

"Ол әрқашан көңілді жүретін, күлкісінің өзі ерекше, нағыз дос еді. Оны айналасының бәрі шын жүректен жақсы көретін. Ол өмірді де, адамдарды да қатты жақсы көрді. Ал Элинаның өмірі енді ғана басталып жатқан еді", – деп жазды актрисаның әріптесі.

Екатерина Ведунова 1980 жылы 9 шілдеде дүниеге келген. 2004 жылы Саратов мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған. Одан кейін Балаково драма театрында қызмет атқарған.

Кейін ол Мәскеу заманауи көркем театрында жұмыс істеп, өмірінің соңына дейін сол жерде өнер көрсеткен.

Актриса көрерменге "Склифосовский", "Универ. Новая общага", "СашаТаня", "Великолепная пятерка", "Чернобыль" сияқты танымал сериалдардағы рөлдері арқылы жақсы таныс болған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары