Бұл қызық жайт туралы DW - Неміс толқыны жазыпты.
Мюке лақапты сиыр (басылым - Мюке неміс тілінде "маса" депті) үш жаста екен. Ол союға жібергелі жатқанда фермадан қашып кетіп, бірнеше апта Неккаргемюнд деген мекеннің маңындағы тоғайда тығылып жүріпті. Сөйтіп жүргенде, жергілікті бақташы сиырдың - қойлардың арасында жүргенін байқап қалыпты. Бақташы сиырды пластик қалқанмен қоршап тастамақ болған екен: Мюке оны сындырып шығып, қойларға қайтып барыпты.
"Сиыр қойларды иіскелеп шықты. Ұнатқан болуы керек. Отардың арасына сәтті сіңіп кетті. Қйолардың мазасын алып жатқан жоқ", -
депті бақташы Rhein-Neckar-Zeitung газетіне берген сұхбатында.
Отар басқа жайылымға көшкен кезде, Мюкені ұйықтатып, қожайынына тапсырыпты. Ол сиырды тағы да етке тапсырмақ болған кезде хайуанаттарды қорғаушылар араласыпты. Rüsselheim панажайының өкілдері сиырға деп онлайн-көмек жинауды бастап кетіпті. Бұл панажайда осы секілді 2 мыңдай жануар тұрады екен. 13 қарашаның таңына қарай Гремания тұрғындары 5 мың евродан аса ақша жинапты. Жоспарға сәйкес - сиырды басқа фермаға беріп, жем-шөбін көтеруге кепілдік беріледі.