Malim.kz
Қоғам

Қазақстан азаматтығын алуға өтініш қабылдау 10 тамызда басталады

Арман Қайыпхан
Фото: egov

Қазақстан азаматтығын алуға ниетті азаматтардан өтініш қабылдау 10 тамызда басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, өтініштер 10-20 тамыз аралығында қабылданады, ал тестілеу 22 тамызда өтеді.

Тестілеу үш блоктан тұрады:

Қазақ тілі – 30 тапсырма, шекті балл – 15;

Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері – 40 тапсырма, шекті балл – 20. Тест қазақ немесе орыс тілінде тапсырылады;

Қазақстан тарихы – 30 тапсырма, шекті балл – 15. Тест қазақ немесе орыс тілінде тапсырылады.

Тестілеуден жинауға болатын ең жоғары балл – 100. Өту үшін кемінде 50 балл жинау қажет.

Өтініш беру мерзімі – 10-20 тамыз, тестілеу күні – 22 тамыз.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары