Malim.kz
Қоғам

Қазақстан халқының саны қанша екені белгілі болды

Сабина Асқарқызы
aikyn.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 547 909 адамды құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл басынан бері халық саны 48 087 адамға артқан.

Халық саны 2 миллионнан асқан өңірлер:

Түркістан облысы – 2 146 665 адам (жыл басынан бері 2 540 адамға азайған),

Алматы қаласы – 2 359 052 адам (10 949 адамға көбейген).

1 миллионнан астам тұрғыны бар өңірлер:

Астана – 1 662 755 адам;

Алматы облысы – 1 606 365 адам;

Шымкент – 1 302 868 адам;

Жамбыл облысы – 1 214 501 адам;

Қарағанды облысы – 1 131 200 адам.

Халқы ең аз өңірлер:

Ұлытау облысы – 218 420 адам;

Солтүстік Қазақстан облысы – 512 991 адам;

Абай облысы – 594 320 адам.

2026 жылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша, қалаларда 13 137 950 адам тұрады (52 840 адамға артқан), ал ауылдық жерлерде 7 409 959 адам (4 753 адамға азайған).

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары