Malim.kz
Қоғам

Қазақстан жолдарында әскери техника жүреді

Арман Қайыпхан
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда тамыз және қыркүйек айларында «Батыл тойтарыс – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Осыған байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде әскери техника мен жеке құрамның қозғалысы күшейеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу аясында қару-жарақ, әскери техника және әскери қызметшілер жауынгерлік дайындық өтетін аудандарға жеткізіледі.

Әскерді тасымалдау бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, теміржол эшелондары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы әскери колонналар, сондай-ақ майдандық және армиялық авиация қолданылады.

Ведомство азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тек ресми ақпаратқа сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары