Malim.kz
Экология

Қазақстанда 14 наурызда жаңбыр мен қар күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК мамандары елімізде 2026 жылғы 14 наурызда, сенбі күні болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстар жайлы ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Таратылған ақпарға сүйенсек, антициклон жотасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын аңықтайтын болады.

"Тек ҚР солтүстігінде және шығысында циклон жырасының өтуіне байланысты түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, республика бойынша тұман, солтүстікте, шығыста желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары