Malim.kz
Экология

Қазақстанда найзағайлы жаңбыр, бұршақ пен шаңды дауыл күтіледі

Арман Қайыпхан

21 мамыр, сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс және солтүстік өңірлерде циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан:

Оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста – түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Өрт қаупі жоғары өңірлер:

Гидрометеорологиялық орталық өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейде екенін ескертеді:

Жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Атырау, Актөбе, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу облыстарының бірқатар аймақтарында сақталады.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Костанай, Алматы, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының кей бөліктерінде күтіледі.

Фото: unsplash

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары