Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда неке сақиналары айтарлықтай қымбаттап жатыр

Сабина Асқарқызы
Фото: Pexels

Қазақстанда жас жұбайларға арналған неке сақиналарының бағасы күрт өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының құны айтарлықтай артқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Статистикаға сәйкес, бір ай ішіндегі баға өсімі 5,5%-ды құраса, жылдық көрсеткіш бойынша қымбаттау 45%-ға дейін жеткен.

Өңірлерге бөлсек, ең төменгі өсім Маңғыстау облысында тіркелген – 14,5%. Ал Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 29%, Астанада 29,9% болған. Ең жоғары баға өсімі Ұлытау облысында байқалып, бір жыл ішінде неке сақиналарының құны 71%-ға артқан.

Сонымен қатар, елдегі зергерлік бұйымдар өндірісі де оң динамика көрсетуде. 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсуіне алтын құнының қымбаттауы мен өндірістік шығындардың артуы әсер еткен.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары