Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда рұқсатсыз видео түсіруге тыйым салу ұсынылды

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде пранктер мен жасырын түсірілімдерге қатысты шағымдар көбейгенін айтып, рұқсатсыз видеоға түсіруге шектеу қою мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, мақсат – түсірілімді толық тыйып тастау емес, тек азаматтарды рұқсатсыз және орынсыз жағдайда видеоға түсіруды реттеу.

«Мемлекеттік қызметкерлерді немесе өз міндетін атқарып тұрған лауазымды тұлғаларды түсіру – қалыпты құбылыс, оған бәріміз үйрендік. Бірақ пранктер немесе адамдардың жеке өмірін рұқсатсыз түсіру жағдайлары бар. Сол себепті бұл мәселе талқылауды талап етеді. Жұмыс тобы енді құрылып жатыр. Қаласаңыздар, бәріңізді осы топқа қосып, кімдерді түсіруге болатынын, қай жағдайда түсіруге болмайтынын бірге белгілей аламыз», – деді Аида Балаева.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары