Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады

Арман Қайыпхан

Қазақстанда туу көрсеткішінің төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылардың мәліметінше, туу коэффициенті, яғни 1000 адамға шаққандағы туған балалар саны да күрт азайып келеді. 

2025 жылдың бірінші тоқсанында елде 77,3 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға аз. Бұл соңғы жылдары байқалып келе жатқан теріс үрдістің жалғасы:

Туу коэффициенті антирекордқа жетті

2025 жылы 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 15,4 болды. Бұл өткен жылғы 18,3 көрсеткіштен де төмен. Салыстыра кетсек:

Сарапшылар бұл құбылысты тұрақты демографиялық құлдырау деп сипаттап отыр.

Өңірлер бойынша туу көрсеткіштері

Ең жоғары көрсеткіштер:

  1. Маңғыстау облысы – 21,3;
  2. Түркістан облысы – 21,3;
  3. Шымкент қаласы – 19,7.

Ең төмен көрсеткіштер:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы – 8,5;
  2. Қостанай облысы – 9,5;
  3. Шығыс Қазақстан облысы – 9,6.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары