Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

Сұлу Бөлек

Ұлттық банк "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан Ұлы Жеңіс. 80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Номиналы 200 және 1000 теңгелік монеталар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шығарылғалы отыр.

"Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. 80 санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндеседі", - деп жазылған хабарламада.

Номиналы 1 000 теңгелік монета алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған, таралымы – 2 000 дана.

Номиналы 200 теңгелік монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

Фото: nationalbank.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары