Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда жеті айда 21 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында полиция 4,5 мың есірткі құқық бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Заңсыз айналымнан 21 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 865 келі синтетикалық заттар тәркіленді.

Сонымен қатар синтетикалық есірткі өндіретін 17 жасырын цехтың жұмысы тоқтатылып, 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі әшкереленді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары