Malim.kz
Қоғам

Қазақстандағы екінші АЭС-ті Қытай салуы мүмкін – Сәтқалиев

Арман Қайыпхан

Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Айтуынша, қатысушылар түрлі технология ұсынғанымен, Қытай мен Ресейдің ұсыныстары ең тиімді болған.

«Қатысушылардың барлығы бірегей технологияларға ие, бірақ объективті түрде ең тиімді ұсыныстар Қытай мен Ресейден болды», - деді Сәтқалиев.

Бұған дейін алғашқы АЭС-ті ресейлік “Росатом” басқаратын консорциум салатыны хабарланған.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары